Еліміздің кейбір аймақтарында жұмыссыздықпен байланысты көрсеткіштер қолдан жақсартылып отыр- Бас прокуратура

АСТАНА. Тамыздың 12-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстап отыр.
None
None

Осы бағытта арнайы тексеру жұмыстарын жүргізген олар еліміздің кейбір аймақтарында жұмыссыздықпен байланысты көрсеткіштерді қолдан жақсарту әрекеттерінің орын алып отырғандығын анықтады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков айтты.

Оның деректері бойынша, Маңғыстау облысының Қарақия ауданында еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздарды тіркейтін қосымша журналдың болғандығы анықталды. Ондағы мәліметтер ресми мәліметтер базасында көрсетілмеген. «Осылайша жұмыссыздардың қатарында 50 адам тізімге енгізілмей қалған. Тап осындай жағдай Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында да орын алған. Онда 62 адам ресми тізімнен тыс қалған. Прокуратура қолданған шаралар негізінде азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі азаматтар жауапқа тартылды», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар