Еліміздің көлік сақшылары Семей қаласында ресейлік әріптестерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Семей, Павлодар, Защита станцияларындағы ішкі істер желілік бөлімдерінің басшылары мен Ресей Федерациясы ІІМ Алтай желілік басқармасы өкілдерінің екі жақты жұмыс кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Шараға Ресей Федерациясы ІІМ Алтай ЖБ бастығы полиция полковнигі А.В. Кирпиченко, Семей станциясы, желілік ішкі істер басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.С. Батталов, Павлодар станциясы желілік ішкі істер басқармасының бастығы полиция полковнигі Ғ.Ж. Омарбеков, Защита ст. Желілік ішкі істер басқармасының бастығы полиция полковнигі А.А. Тойшыбаев, сондай-ақ жедел қызметтердің басшылары қатысты.

Айтулы басқосуды ашқан Ерік Батталов екі жақты жұмыс кездесулерін өткізудің, теміржол және әуе көлігі нысандарындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың бірлескен кешенді жоспарларын әзірлеудің, қызмет көрсетілетін көлік нысандарында жедел жағдайдың жай-күйі туралы ұдайы ақпарат алмасуды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
null

Кездесу барысында ТМД елдерінің көліктегі ішкі істер органдарымен шекаралық әріптестікті одан әрі нығайту аясында келелі үш мәселе, атап айтқанда, теміржолдағы жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлауға қатысты қылмыстарды ашу және оның жолын кесу, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ заңсыз көші-қонды болдырмау мәселелері кеңінен талқыланды.

Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресей арасында ондаған жолаушылар пойыздары қатынайды. Осыған байланысты әуе және теміржол көлігі нысандарындағы жолаушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша екі жақты әріптестіктің алғышарттарын дамытудың маңызды зор.

2016 жылы Ресей Федерациясы аумағында Көліктегі ІІД 5 желілік бөлінісінің (Петропавл, Семей, Павлодар, Защита, Атырау ст.ст. ІІЖб) қызметкерлері қатысқан үш жұмыс кездесуі өтті. Ағымдағы жылы Орал ст. ІІЖб базасында РФ ІІМ Приволжье ЖБ мен Ершов станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Өз сөзінде РФ ІІМ Алтай ЖБ бастығы Артем Кирпиченко: «Соңғы жылдары Ресей мен Қазақстан көлік полицейлерінің қылмыстарды анықтау мен ашу, халықаралық қылмыспен күрес бойынша өзара қатынастары жанданып келеді», - деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар