16:59, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Еліміздің көлік саласында 2,5 трлн. теңгенің жобаларын жүзеге асыру жоспарланған
А. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің көлік саласында 2,5 трлн. теңгенің жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін Индустриялық-иновациялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, отандық көлік саласында 2,5 трлн. теңгеге бағаланған нақты 56 инвестициялық жоба бар. Аталған жобаларды республикалық бюджеттің есебінен, концессия негізінде, Қазақстан теміржолы компаниясы мен ұлттық қордың қаржысына жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Осы жобаларды іске асырудың арқасында 2015 жылы теміржол, автокөлік және әуе қатынастарының қосарланған ішкі құнын 63 пайызға дейін жеткізу көзделген», деді А. Бектұров.