Еліміздің көлік саласында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар жыл сайын 90 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздің автомобиль жолдары және теміржол саласындағы алдағы 4 жылда жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобалар жыл сайын 90 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникиция министрі Әбілғазы Құсайынов айты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, бұдан бөлек бұл жобалар құрылыс кезеңінде аралас салаларға 265 мың адамды тартуға септігін тигізеді. Мұндай инфрақұрылымдық жобалардың инвестициясының жалпы көлемі ? 1,5 трл. теңге. «Қазақстан мен Ресейдің салалық институттарының есеп-қисаптары бойынша, жолдардың құрылысына салынған 1 млрд. теңге 150 адамды тікелей жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл ретте 1 жұмыс орны аралас салалардағы 2-3 жұмыс орнын береді», деді министр.
Соңғы жаңалықтар