Еліміздің көліктік-логистикалық жүйелерін дамыту алға қойылды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев көліктегі логистиканы ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандандырылған Strategy Partners,
None
None

AECOM және Lancaster Infrastructure шетелдік компаниялары консультанттарының екі тобымен кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Президент Н. Назарбаевтың Үкімет мүшелерімен, әкімдермен, орталық мемлекеттік орган басшыларымен бірге өткізілген кеңейтілген мәжілісте қойған тапсырмасына орай, көліктік логистиканы дамыту мәселелеріне бүгінде ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы арқылы еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, тауар, жұмыс күші және адамдардың кедергісіз қозғалысына барынша қолдау көрсету көзделуде.

Көлік ведомствосының басшысы өткізген кездесулердің басты тақырыбы Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйелерін дамыту, осы бағытта қалыптасқан шетелдік тәжірибені ескере отырып тұжырымдаманы дайындау мәселелері болды.

Алдағы уақыттағы қысқа мерзімді міндеттердің бірі 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Көліктік инфрақұрылымын дамыту бойынша бағдарламаның «ҚР көліктегі логистикалық жүйесін дамыту» бөліміне енгізу үшін жаңа тұжырымдама мен жалпы жоспарды әзірлеу болып табылады. Осыған орай, өзара байланысты бірқатар міндеттерді жүзеге асыру қажет. Дәлірек айтқанда, бұл - жобаны қаржыландыру мәселерінен бастап, маркетингтік зерттеулер жүргізу, көліктегі логистиканы дамыту шаралары туралы жүйелік құжатты дайындау және оны жүзеге асыруға дейінгі міндеттер.

Соңғы жаңалықтар