Еліміздің конькимен жүгіру спорты бойынша жастар құрамасы әлем кубогына қатысады

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта еліміздің конькимен жүгіру спорты бойынша жастар құрамасы Италияда, онда қаңтардың 23-інде жастар арасындағы әлем кубогы басталады.

Еліміздің конькимен жүгіру спорты бойынша жастар құрамасы әлем кубогына қатысады

Бұл ақпаратты «Біздің спорт» сайты таратып отыр.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем кубогының бірінші кезеңі өткен жылы қарашаның 21-22-сінде Голандияның Грененген қаласында өткен болатын. Байрақты бәсекенің екінші кезеңі Италияның Коллалбо қаласында қаңтардың 23-24-інде, ал соңғы кезеңі Базельга ди Пин қаласында қаңтардың 30-31-і аралығында өтпек.

Аталған жарыстарға Қазақстан атынан 6 қыз бен 4 бозбала қатысады.

Жарыс аяқталғаннан кейін олар Ресейдің Челябі қаласына барып, жастар арасындағы конькимен жүгіру спорты бойынша әлем чемпионатына дайындықтарын жалғастыруы мүмкін.