Еліміздің көптеген аумағында жел тұрып, қар жауып, тұман түсуі мүмкін - 13 наурызға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 13 наурыз күні Қазақстанның көптеген аумағында әлі де ауа райы тұрақсыз болып, жел күшейіп, қар жауады, тұман түсуі мүмкін.
Республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі деп күтілуде.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.
Атырау, Алматы облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында - кейбір жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.