Еліміздің көптеген аймақтарында сот актілерінің орындалу жағдайлары талапқа сай емес - Жоғарғы сот өкілі

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сот қызметінің сапасы көптеген факторлармен байланысты. Соның ішінде сот актілерінің орындалуын ерекше атауға болады.
None
None

Ал біздің еліміздің сот актілерінің орындалуын қадағалау жұмыстары барлық аймақтарда бірдей талапқа сай емес. Өз кезегінде ол қылмыскерлердің жазадан жалтарып кету жағдайларына әкеліп соғуда. Бұл туралы бүгін еліміздің сот жүйесінің жарты жылдық қорытындысына арналған Жоғарғы сот судьяларының жалпы отырысында Жоғарғы соттың Қылмыстық істерді бақылау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының азамат Әлібаевқа қатысты шығарған үкімі осы мәселеге жарқын мысал бола алады. «Онда аудандық сот Әлібаевты бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарып, оны сот залында тұтқынға алмаған. Ал аппеляциялық сот аудандық соттың үкімін күшінде қалдырған. Алайда олар да үкімнің орындалуы үшін тиісті шаралар қолданбаған. Нәтижесінде сотталған Әлібаев бой тасалап, қазір оған халықаралық іздеу жарияланды. Мұндай әрекеттер сот органдарына абырой әпермейді», деді А.Қасымов.

Соңғы жаңалықтар