Еліміздің көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар тапсырылды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев еліміздің елуге жуық әдебиет және өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендияларды табыс етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған стипендиялар ҚР Президентінің 25-ші желтоқсандағы № 287 өкімімен белгіленген болатын. Аталған стипендия көлемі 280 мың теңгені құрайды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаевтың айтуынша, бұл стипендиялар ТМД аумағында тек Ресей мен Қазақстанда ғана бар. «Бұл өнер мен әдебиет қайраткерлеріне отандық мәдениеттің дамуына үлес қосатын сүбелі туындылар жасау, оларды қолдау мақсатында беріліп отыр» деді А.Бөрібаев. Мемлекеттік стипендияны иеленгендер қатарында Оразақын Асқар, Қабдеш Жұмаділов, Жәркен Бөдеш, Иранбек Оразбаев сынды танымал тұлғалар бар. ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, музыкатанушы Юрий Аравиннің айтуынша, соңғы уақытта мәдениет саласы мамандарына мемлекет тарапынан нақты қолдау байқалуда. «Бұл жағдай менің өмірімде бірінші рет болып отыр. Бүгінгі стипендия менің сүйікті ісімді дамытуға мүмкіндік береді», дейді мәдениет қайраткері.
Соңғы жаңалықтар