Еліміздің құтқарушылары кәсіби мерекесінде министр қолынан сыйлықтар алды

«Өздерінің денсаулығын, тіпті кейбір жағдайда өмірлерін құрбан ете отырып, біздің құтқарушыларымыз аса қауіпті жерлерден азаматтарымыз бен олардың дүние-мүлкін құтқарып, еліміздің экономикалық әлеуетін қорғап келеді. Құтқарушылардың ерлігі, батылдығы мен өз борышы алдындағы адалдығын қоғам орынды бағалайды, ал олар құтқарған адамдар мен туған-туысқандарының қуаныш көз жасы мен шексіз алғыстары бізге баға жетпес сыйлық болып табылады», - деді министр.
Кәсіби мереке құрметіне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға белсене қатысқаны, Қазақстан Республикасындағы тыныс-тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде жеткен жетістіктері үшін Министрліктің көзге түскен қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Сонымен қатар, мереке аясында арнайы өтр сөндіру және құтқару жабдықтарының көрмесі өткізілді.