16:23, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Еліміздің машина жасау саласындағы тауарлары Кедендік одақтағы көршілеріміздің жоғары сұранысына ие - ҰКП
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің машина жасау саласындағы тауарлары Кедендік одақтағы көршілеріміздің жоғары сұранысына ие. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Айгүл Қоңыратбаева айтты.
«Кедендік одақтағы көршілеріміз біздің машина жасау саласындағы тауарларымызға, мәселен, жүк көліктері, 3 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер, мобильді бұрғылау құрылғылары, теміржол вагондарының подшипниктері, трансформаторлар, кейбір жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен химиялық өнімдеріне қызығушылықтарын білдіруде», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, еуразиялық экономикалық интеграция ең алдымен бизнеске тиімді.
«Қазақстанның 2013 жылы Кеден одағы елдеріне шығарған экспортын талдайтын болсақ, электрлік трансформаторлар шығару - 7,4 есе, тракторлар - 5,7 есе, жүк көліктері - 3,7 есе өскен», - деп атап өтті А.Қоңыратбаева.