Еліміздің мектеп жасындағы бірде бір баласы оқудан тыс қалмауы керек - Білім және ғылым министрі

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздің мектеп жасындағы бірде бір баласы оқудан тыс қалмауы керек. Бүгін ҚР облыстары мен Алматы, Астана қалаларының білім беру басқармалары бастықтарының басын қосып, жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы жиын өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев осындай тапсырма берді.
None
None

Сонымен қатар министр жаңа оқу жылында оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне де алаңдаушылық танытты. Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылы оқулықтармен қамтамсыз етуге жергілікті атқарушы органдардан қаржы аз бөлінген. Мәселен, былтырғы оқу жылында оқулықтарға 4 миллиард 597 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы оның көлемі 70 миллион теңгеге кем болып отыр. Осыған орай Ж.Түймебаев еліміздің білім беру басқармалары бастықтарына бұл мәселені жергілікті атқарушы органдармен тағы бір мәрте пысықтауды сұрады.

Сөз орайында республикалық «Мектепке жол» акциясына да тоқталған министр «Қазіргі таңда 200 мыңдай бала есепке алынып, олардың мектеп табалдырығын аттауы үшін қажетті киімдер, оқу құралдары берілді. Оған 1 миллиард теңгедей қаржы жұмсалды. Бұл орайда 500 миллион теңге көлемінде қолдау көрсеткен мецанаттарға, демеушілерге алғысымды білдіремін», деді.

Соңғы жаңалықтар