Еліміздің миграциялық заңдылығын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қапланбек» бақылау-өткізу бекетінің маңайынан елімізде болу тәртібін бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Еліміздің миграциялық заңдылығын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды

Ұсталғандардың барлығына ҚР Әкімшілік-құқықтық тәртіп бұзушылық кодексінің 517-бабының 2-тармақшасы бойынша айыппұл салынды.