Еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңдеу тарифтері өсті

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы өкілдерінің пікірлерінше, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының еңбеккерлері одан әрі технологиялық қайта жаңарту қажеттілігіне орай туындаған процессинг ставкасын көбейту жөнінде үлкен жұмыс атқарды.
None
None

Акционерлік қоғам өкілдерінің осы мәселе бойынша таратқан мәліметтеріне қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 тонна мұнайды қайта өңдеу тарифі 2010 жылы 3 360,47 теңгеден 7 462,0 теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ Павлодар мұнай өңдеу зауытында осы көрсеткіш 3 947,0 теңдеген 4 992,74 теңгеге дейін артты. Энергияны үнемдеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде мұнай өңдеу зауыттарындағы технологиялық шығындар 0,92 пайызға төмендеген.

Мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігін арттыру және республиканың ішкі нарығын қажетті мөлшерде жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іргелі шаралар атқарылды. Мысалы Атырау мұнай өңдеу зауытында шатыр типтес тозығы жеткен пештің орнына ЭЛОУ-АВТ-3 П-1/1,1/2 жаңа пеші пайдалануға берілді. Бұл қондырғы тәулігіне 7000-7800 тоннадан 8500-9000 тоннаға дейін немесе жылына 3,5 миллион тонна өнім өндіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тауарлы бензиннің индукциялық кезеңін нормаланған көрсеткіштерге сәйкестендіру мақсатында «Агидол-12» қышқылға қарсы жапсырмасын тарту рецептурасы әзірленді. «Агидол» жапсырмасын берудің торабы мен сызбасы жасалды. Бұл мұнай сапасын жақсартуға және «индукциялық кезеңді» 180 минуттен 600 минутке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұған қоса тағы - «ДЗп -15» қысқы дизельді отынның сапалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында қолданыстағы фракцияларды оңтайлы тарту негізінде тура айдағыш және гидротазалағыш депарафинделген КГФ дайындау рецептурасы әзірленді. Дизельді отынның төмен температуралық қасиетін жақсарту үшін «Додифлоу» жапсырмасын беру және компоненттерді араластыру торабы жөнделді. Бұл ДЗп маркалы тауарлы дизельді отынды дайындау кезінде ПТФ-тф-ты минус 9°С-дан минус 15°С-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар