Еліміздің облыстарына жасөспірімдер соты енгізілетін болса, қосымша 40 судья мен 114 қызметкер қажет болады
ТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздің барлық облыстарына жасөспірімдер соты енгізілетін болса, қосымша 40 судья мен 114 қызметкер қажет болады.
Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров журналистермен ресми баспасөз мәслихатын өткізу барысында мәлім етті.
«Алдағы уақытта елімізде жасөспірімдер сотын енгізу мәселесі қаралатын болады. Елбасы бұған қолдау көрсеткен болатын, Үкімет те дұрыс көзқарасты ұстанып отыр. Сондықтан да, елімізде жасөспірімдер ісін қарайтын арнайы сот енгізілетін болса, қосымша 40 судья мен 114 сот мамандары қызметке келетін болады», - деді Б. Бекназаров. Оның айтуынша, бұндай институттың енгізілуі еліміздегі сот жүйесіндегі жүктемені жеңілдетеді. Екіншіден, жасөспірімдер ісі ерекше ыждағаттылықты, мұқияттылықты, зерделілікті талап етеді. Осыған орай, біз алдағы уақытта жасөспірімдер сотын Астана мен Алматы қалаларында ғана емес, барлық облыс орталықтарында енгізуге ұмтылатын боламыз», - деді Жоғарғы сот төрағасы.