Еліміздің оқушылары Жеңістің 70 жылдығына арналған шығармалар сайысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы қыркүйек айында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушылар арасындағы шығармалар конкурсы басталады. Бұл туралы бүгін «Қазақстан оқушылары патриотизм туралы» атты шығармалар жинағының тұсаукесерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО орталығының директоры Ләйлә Ахметова айтты.
None
None

«1 қыркүйектен бастап біз оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шығармалар сайысын жариялаймыз. Ол дәстүр бойынша Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтеді. Келер жылдың сәуірінде қорытындысын шығарамыз. Соңында үздік шығармалардың басын қосып, үлкен жинақ қылып шығаратын боламыз», - деп атап өтті ол.

Профессордың айтуынша, аталған конкурстың басты мақаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту.

Конкурс туралы мәліметтерді мына сайттан қарауға болады: www.unesco-kaznu.ucoz.kz

Соңғы жаңалықтар