Еліміздің онлайн-платформаларындағы ақпарат бизнесінің айналымы 10-15 млрд теңге - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2021 жылы онлайн-палтформалардағы ақпарат бизнесінің айналымы 10-15 млрд теңгені құрады. Мұндай дерек «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасына қосымша консультативтік құжатында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бүгінгі таңда әлеуметтік медиа аудиториясының және әртүрлі желілік платформалардың өсуіне байланысты көптеген пайдаланушылар ақпаратты алып қана қоймай, сонымен бірге белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Бұл ретте онлайн-платформаларда коммерциялық қызметті жүзеге асыратын субъектілерді құқықтық үйлестіру үшін заңнамалық база жоқ. Мәселен, Қазақстандағы ақпарат бизнесінің айналымы 2021 жылы 10-15 млрд теңгені құрады. Осыған байланысты халықаралық тәжірибені ескере отырып, еріктілік қағидатына негізделген онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кәсіпкерлік қызметін құқықтық қамтамасыз ету орынды», - делінген консультативтік құжатта.

Сонымен бірге, құжатта былтыр «Талдау және ақпарат орталығы» жүргізген мониторинг нәтижесінде онлайн-платформалардан анықталған құқық бұзушылықтар туралы деректер қамтылған.


Соңғы жаңалықтар
Референдум