Еліміздің оңтүстік өңіріндегі тасжолдарда көктайғақпен күрес күшейтілген режимде жүруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғақпен күрес жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат»ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
None

Өткен екі тәулік ішінде еліміздің оңтүстік өңірлері аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, температураның күрт ауытқуы байқалды. Осылайша, өткен түнде жол бойында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Алматы және Жетісу облыстарындағы республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу үшін 1070 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды.

«Жол бөлігін құм-тұз қоспасымен өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда. Әрбір учаскеге жол-пайдалану техникасы бөлінді, жолдардың жүру бөлігі директивті нормаларға сәйкес тазартылып, өңделуде.

Бұдан басқа, Түркістан облысының жолшылары Шымкент қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі «Самара-Шымкент» автожолының учаскесін су басып, шайылып кетуіне жол бермей, жедел шаралар қабылдады. Инертті материалдары бар 1200-ден астам қап төселді, су бұру жұмыстары жүргізілді», - деп жазды жауапты ведомстводан.

Республикалық автожолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 477 бірлік арнайы техника мен 1 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар