Еліміздің профессор, доценттерінің жазған бүгінгі кітаптары барлық талаптарға сай, әрі жақсы пікірлерге ие болуда - Р.Алшанов

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Жыл сайын қазақ бөліміндегі балалардың саны көбейіп, олардың саны 400 мыңға жақындап қалды. Ал еліміздегі оқу орындарда қазақша кітаптар тапшы. Бұл жайында ҚР ЖОО-ның қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов жаңадан шыққан оқулықтарды кітапханаларға тапсыру рәсімі кезінде айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Р. Алшановтың айтуынша техника ғылымы, медицина ғылымы, дене шынықтыру және спорт, музыка саласы бойынша оқулықтар жетіспейді. «Болон» декларациясына байланысты студенттер өздері күнделікті дайындалып, оқулары керек. Алайда кітапханада оқулықтар жетіспей жатса студентер қалай оқиды, міне осы мәселе шешілмей жатыр. Осы тұрғыда «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі жоғары оқу орындарына арналған оқулық шығару ісіне демеушілік көмек ретінде 5 миллион теңге бөлді. Соның нәтижесінде 5 мың таралымнан тұратын 8 кітап жарыққа шығып отыр», дейді Р.Алшанов.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда қазақ тілінде 1900 адам кітап жазатындығын айтады. «Елімізде мыңдаған компания бар, егер олар да қамқорлық көрсетсе қазақ тіліндегі кітаптардың мәселесін шешуге болады деп ойлаймын. Еліміздің профессор, доценттерінің жазған бүгінгі кітаптары барлық талаптарға сай, әрі жақсы пікірлерге ие болуда. Сондықтан бұл оқулықтарға сұраныс көп болып отыр», деп атап өтті профессор өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар