Еліміздің шығыс өңіріндегі мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымында жетекші орынды иеленіп келеді

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Соңғы бес жыл ішінде Шығыс Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері құрылымдарының өзгеру үдерісі байқалады – мал шаруашылығы бүгінгі күні ауыл шаруашылығының жалпы көлемінің үштен екісін құрайды,

Еліміздің шығыс өңіріндегі мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымында жетекші орынды иеленіп келеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша, осы жылдар ішінде облыста мал басының саны, сондай-ақ оның өнімділігі 16 пайызға артқан. Мысалы, іріқараның өнімділігі 3,5 пайызға, тауықтың жұмыртқалауы 9 пайызға өскен. Мал өнімдерін өндірудің көлемі: тірілей салмақпен ет өндіру 27 пайызға, жұмыртқа ? 12,8 пайызға, сүт ? 12,6 пайызға, жүн ? 31,3 пайызға артқан.