Еліміздің шығыс өңірлерінде бұршақ жауып, батысында күн ысиды - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Республиканың солтүстік-шығысының, шығысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Түнде ел солтүстігінің кей жерлерінде тұман бақыланады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Ақтөбе, Қызылорда облыстарының, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.