Еліміздің шығысында тағы нөсер жауын болады - синоптиктер

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша 16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысында тағы да нөсер жауын болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің шығысында тағы нөсер жауын болады - синоптиктер

Бұл ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында жарияланды.

«16 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанда мол жауын-шашын күтілуде. Кей жерлерде нөсер жаңбыр болуы мүмкін. Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан жазық жерлерде қарғын су жүріп, таулы өлкелерде тасқын болуы мүмкін. Өзендер арнасынан асып, маңайына жайылады деп күтілуде», - делінген департамент мәліметінде.

Қазіргі таңда облыс бойынша орташа ауа температурасы - минус 16 градусты көрсетіп тұр.

14 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түнге қарай тұман түсуі күтілуде.