Еліміздің солтүстік өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптаның аяғына қарай Қазақстанның солтүстік аймағында күн қайта ысиды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Еліміздің солтүстік өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады

Аталмыш мекеменің сайтында еліміздің солтүстік бөлігінде әлі де оқтын-оқтын жаңбыр жауады, бірақ 17 маусымға қарай күннің қызуы +22...+30º жетеді. Оңтүстік-шығыс аймақтарда да күн күркіреп, жаңбыр жауады, ауа температурасы +25...+30º дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ауа температурасы +27...+33º құрайды. Ал батыс облыстарда ауа температурасы +30...+38º дейін жетіп, тіпті кей жерлерде +41º болуы мүмкін, деп хабарланған.