Еліміздің спорт ведомствосы мен «World Class» фитнес клубы желілері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі «World Class» фитнес клубы желілері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов пен фитнес клуб желілерінің басшысы Татьяна Никифорова рәсімдеді.
«Бүгін біз «World Class» фитнес клубы желілерімен арада меморандумға қол қойдық. Осыған орай, алдағы уақытта осы орталықта фитнес саласының мамандарын оқыту, нұсқаушы дайындау қолға алынатын болды», - деді Е.Қанағатов.
Оның атап өтуінше, фитнес саласында жұмыс істейтін нұсқаушылардың біліктілігі жоғары әрі дене шынықтыру істерінің маманы болуы тиіс.
«Жалпы, Үкімет тарапынан спорт саласына зор көңіл бөлініп келе жатқанын білесіздер. Ал қазіргі таңда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарымыздың тағы бірі бағыты - жекеменшік бизнес саласындағы спортты дамыту болып отыр», - деді ол.