Еліміздің стратегиялық жоспарлау жүйесінде бірқатар проблемалар анықталып отыр - Ж. Айтжанова

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздің стратегиялық жоспарлау жүйесінде жүргізілген жұмыстардың жаңашылдығына байланысты бірқатар проблемалар анықталып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанат Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тыңдаулар көрсеткеніндей, стратегиялық жоспарларды қалыптастырудың әдістемелік базасында одан әрі жетілдіруді талап ететін бірқатар аспектілер бар», деді отырыста Ж. Айтжанова.

Оның сөзіне қарағанда, біріншіден, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін сипаттауға тиісті мақсатты индикаторлар көбінесе мемлекеттік органдардың ағымдағы қызметтерін қамтиды. Екіншіден, міндеттелген жалпыхалықтық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік басқару деңгейлері арасында жауапкершілік дәрежесі жеткіліксіз ажыратылған; кей-кейде стратегиялық жоспарларда әкімдіктер мен орталық атқарушы органдардың жауапкершілік саласы араласып кеткен. Үшіншіден, бірқатар стратегиялық жоспарлардағы мақсатты көрсеткіштер өлшеуге қиын сипатта, көбінесе оларды сандық тұрғыдан өлшеу мүмкін емес. Төртіншіден, стратегиялық жоспарлардың тиімді жүзеге асырылуына дүркін-дүркін түзетулердің енгізілуі де белгілі бір деңгейде теріс әсер еткен. «Тек 2009 жылдың өзінде бюджет 3 рет, ал ағымдағы жылы 1 рет түзетілді», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеудегі әдістемені жетілдіру үшін Экономикалық даму және сауда министрлігі стратегиялық жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды қалыптастыру жөніндегі жұмысты бастап кеткен. Онда алдыңғы жылдардың тәжірибесі ескерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар