Еліміздің татулық пен тұрақтылықтың берекелі бекетіне айналуында Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып отырған үлесі сүбелі - Б.Майқанов

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Еліміздің татулық пен тұрақтылықтың берекелі бекетіне айналуында Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып отырған үлесі сүбелі. Бұл пікірін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Балғабай Майқанов білдірді.
None
None

Кеше Астанада аталмыш университеттің студенттері мен қаладағы этно-мәдени берлестіктердің «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен өткізген концерті барысында сөз алған Б. Мақанов: «Еліміздің татулық пен тұрақтылықтың берекелі бекетіне айналуында Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып отырған үлесі сүбелі. Әрине, еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің шынайы келісім мен ынтымақ-бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігін айтқан жөн. 1995 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ҚР Президенті жанынан кеңестік-консультативті орган ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, еліміздегі барлық этносқа тең құқықты қамтамасыз етуші ұйым рөлін атқаруда», - деді.

Оның айтуынша, Ассамблея аясында біршама игі істерге қол жеткізіліп, қоғамдық қорлар мен этно-мәдени бірлестіктер Қазақстан халқы игілігіне аянбай қызмет етіп келеді.

«Халқымыз «Ырыс - ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады» демекші, тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған түрлі ұлт өкілдері ортақ Отанымыздың іргесін бірге қаласып, достығымыз өз жарастығын табуда. Тұрақтылық пен тыныштық салтанат құрған Қазақстанның әлеуеті мен қуаты еселеп арта берсін», - деген тілегімен түйіндеді сөзін ЖОО өкілі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум