Еліміздің тау-кен және өңдеуші өнеркәсібінде жұмыскерлердің босап қалу тәуекелі барынша жоғары - Б. Сапарбаев

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сараптама нәтижесі еліміздің тау-кен және өңдеуші өнеркәсібінде жұмыскерлердің босап қалу тәуекелі барынша жоғары екенін көрсетіп отыр.
None
None
Қазіргі таңда аталмыш салаларда 774 мың адам еңбек етуде. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Б. Сапарбаевтың атап көрсеткеніндей, тәуекел дәрежесі орташа салаларға электр энергиясын, газ және суды өндіретін және тарататын салаларды, сондай-ақ құрылыс, сауда, көлік және байланыс секторларын жатқызуға болады. Бұларда ұзын-саны 3 млн. адам еңбек етіп жүр. «1,7 млн. адам жұмыс істейтін мемлекеттік сектор ұйымдарында және 2,4 млн. адамды жұмыспен қамтып отырған ауыл шаруашылығында жұмыскерлерді қысқарту көзделіп отырған жоқ», деді өз сөзінде министр.
Соңғы жаңалықтар