Еліміздің темір жол саласында бірыңғай қазақстандық вагондар қолданылатын болады - Индустрия және сауда министрлігі
АНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Индустрия және сауда министрлігі темір жолмен тасымалданатын вагондарды түбегейлі қазақстандық өнімнен құрастырмақ.
«Мұндай вагондар елімізде қазірден бастап-ақ шығарылуда. Ал алдағы уақытта біз республикада вагон шығаратын бірнеше зауыт салуды жоспарлап отырмыз», деді Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиев.
Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінде қазақстандық үлес мәселелеріне байланысты заң жобасының таныстырылу рәсімінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, елде салынатын зауыттардың құрылысы сәтімен аяқталатын болса, онда шығарылатын өнімдер
ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. «Басқаша айтқанда, бізде 100 пайыз қазақстандық үлестен тұратын вагондар пайда болады. Қазіргі таңда бұл мақсатты кешенді шаралар атқарылуда. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Индустрия және сауда министрлігі елдегі зауыттардың жаңаруына барынша қолдау көрсетіп отыр. Яғни біз нақты мақсаттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз», деді вице-министр.