Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 10 ақпан, жұма күні бірқатар өңірде күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың батысында, таулы аудандарында жел қарқыны 15-20, 23-28 м/с жетеді.

10 ақпанда Ақтөбе облысының батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.

10 ақпанда Абай облысыныңоңтүстігінде, орталығында қатты қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.

10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі. Түнде облыстың солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

10 ақпанда түнде Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында - жаяу бұрқасын, оңтүстікте таулы аудандарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 25 м/с жетеді.

10 ақпанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында - жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында желдің қарқыны - 15-20 м/с.

10 ақпанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

10 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстік-шығысында ауа райы тұманды болады.

10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с шамасында.