Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Cәрсенбі, 26 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының көпшілігінде метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Петропавл, Өскемен, Талдықорған қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны күтіледі. Ал Қарағанды қаласында жағымсыз метеожағдайлар сақталады.

Еліміздің қалған қалаларында метеорологиялық жағдай жағымды болады.  Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.