Еліміздің үш қаласының тұрғындары ақшалай табысы бойынша көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде хабарланды.
None
None

«2014 жылғы қарашадағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 62 355 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайызға артты. Нақты ақшалай табыстар 1,4 пайызға өсті», - деді комитет басшысы.

2014 жылғы қарашада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда. Бұл қалаларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1-1,8 есеге артық.

2014 жылғы қарашада табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 20-39 пайызға төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау облысы мен Астана қаласында белгіленді.

2014 жылғы қарашада өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2013 жылғы қарашада - 3,5 есе).

Соңғы жаңалықтар