Еліміздің үш облысында салқын ауа райы сақталады - Қазгидромет

Еліміздің үш облысында салқын ауа райы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 мамыр күні еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ал республиканың қалған аймақтары жауын-шашынсыз. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, Маңғыстау, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін соғады. Қостанай облысының бірқатар жерлерінде жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында салқын ауа райы сақталып, 0-3 градусқа дейін барады.