21:39, 09 Мамыр 2020 | GMT +5
Еліміздің үш өңірінде күн күркіреп, күшті жел тұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 мамырда Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда 10 мамырда күндіз оңтүстік батыстан тұрған желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қостанай облысында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік шығыстан соққан жел оңтүстік батысқа ауысады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында күндіз күн күркірейді. Оңтүстік шығыстан тұрған жел оңтүстік батысқа ауысады, жылдамдығы - 15-20 м/с.