Еліміздің үздік студенттері ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының стипендиясына ие болды
Бұл шәкіртақы 2011 жылы оқу озаты болып жүрген студенттерді көтермелеу және дарынды жастарды анықтау мақсатында құрылған болатын. Шәкіртақы алушылардың арасында Қазақстан бойынша жетекші жоғары оқу орындары ұсынған - жоғары академиялық көрсеткіштерге қол жеткізген, өз оқу орындарында қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын және мақтау қағаздары мен сертификаттарға ие студенттер бар.
Биыл байқаудың іріктеу комитетіне 300-ден астам өтінім келіп түті. Ал Қор жыл сайын тек 80 шәкіртақы бөледі.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім алудың зор құндылық екендігін қашанда айтып жүреді. Өйткені, білімді жастар дамудың, алға жылжудың қозғаушы күші. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ең дамыған елдердің қатарына қосу - 21-ші ғасырдың жастары - Сіздерге жүктеледі! Қордың басты міндеттерінің бірі - мәдениет және өнер қайраткерлеріне, жас мамандарға және студенттерге қолдау көрсету. Биыл біз бұл шараны бесінші рет өткізіп жатырмыз. Іріктеу барысында қатысушылардың барлығы да білімдерінің жоғары деңгейде екендігін және қоғамдық жұмыстарға белсене араласатындығын паш етті», - деді Қордың атқарушы директорының орынбасары Сергей Тоқтаров
Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Елбасының қоры Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа да қоғамдық-саяси мақсаттар бойынша құрылған коммерциялық емес ұйым.