Еліміздің жалпы халықаралық резервтері мен ұлттық қор активтері наурыз айының соңында 52,5 млрд. АҚШ доллары болды
АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің жалпы халықаралық резервтері мен ұлттық қор активтері наурыз айының соңында 52,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы жылғы бірінші тоқсанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасау кезінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл көрсеткіш өткен жылдың соңғы айымен салыстырғанда 10,3 пайызға жоғары. Жалпы ұлттық қор қаражаты шетелдік валютада 25,4 млрд. долларды және ұлттық валютада 750 млрд. теңгені құрады. Былтырғы жылғы дағдарысты еңсеру шаралары ұлттық қор қаражаты есебінен іске асырылғанына қарамастан осындай көрсеткішке қол жеткізілді», деді министр.