Еліміздің жастары арасында жемқорлыққа қарсы акция өтіп жатыр

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Жас Отан» жастар қанаты «Таза сынақ» акциясын бастағаны жөнінде брифинг өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жастар қанатының «Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы аясында өтіп жатқан аталмыш іс-шара мамырдың 25-і мен маусымның 30-ы аралығында еліміздің барлық аймақтарында сауалнама ретінде жүргізіледі. Шараны «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен Қазақстан Жастар конгресі, Қазақстан Студенттер альянсы мен «Қарсы» республикалық жастар қозғалысы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оның негізгі мақсаты ? жемқорлыққа бейім жоғары оқу орындарын анықтау, студенттер мен ұстаздарды сынақ кезінде адал болуға, жемқорлыққа ұрынбауға, білімді сатпауға шақыру болып табылады.«Қазақстан Жастар конгресінің www.zhastar.kz/clean -session сайтында арнайы сауалнама орналасқан. Ол студенттердің арасында жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қатысты рейтингін шығару үшін жүргізіліп отыр. Жастардың арасында жемқорлық мәселесі ? көбінесе оқу орындарында орын алып отыр. Сауалнаманың қорытынды нәтижесі БАҚ арқылы жарияланады», - деді Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов.Айта кететін жайт, ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында үлкен сауалнама өткізілді. Оған қатысқан 4 мыңға жуық студенттің 33 пайызы сессияны ақшамен жабуға дайындығын білдірді. Ұйымдастырушылардың болжамымен, биыл бұл көрсеткіш төмендейді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум