Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстан тарихын ежелгі заманнан бүгінге дейінгі кезеңдеуін бастап кетті - Б. Аяған

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстан тарихын ежелгі заманнан бүгінге дейінгі кезеңдеуін бастап кетті.

Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстан тарихын ежелгі заманнан бүгінге дейінгі кезеңдеуін бастап кетті - Б. Аяған

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған осылай мәлімдеді.

«Маңызды мәселелердің бірі - «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құжаттың алғашқы нұсқаларын әзірледі. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі заманғы тарихын зерделеу, сондай-ақ, әлем тарихының ажырамас бөлігі болып табылатын ұлттық тарихымызды мыңдаған жылдардан тамыр тартқан этногенездік көкжиегін баяндайтын тұтас тарихи түсінік қалыптастыру және кешенді әрі пәнаралық көпқырлы мәселелерде зерттеу мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты болып табылады», - деді Б. Аяған.

Оның айтуынша, еліміздің жоғары оқу орындарында тарих кафедраларының жұмысы да жолға қойылған. Мәселен, 59 ЖОО-да Қазақстан тарихы кафедрасы жұмыс істесе, оның 9-ы ұлттық, 31-і мемлекеттік, 1 халықаралық, 9 акционерлік және 9 жекеменшік жоғары оқу орындары бар.

«Жас тарихшылар қауымдастығы да құрылып, олар өз жұмыстарын да жандандырып жатыр», - дейді Бүркітбай Аяған.