14:30, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының жеңімпаздарына гранттар бөлді
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары Алматыда өткен оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының жеңімпаздарына гранттар бөліп отыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан хабарлады. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 129 грант бөлсе, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ? 20 грант, Сүлеймен Демирел атындағы Қазақ-Түрік университеті ? 6 грант бөліп отыр. «Жеңімпаз оқушылар емтихан тапсырғанда жоғары балл алуға міндетті емес, олар 60 балл жинаса болды, өздері дипломдар жеңіп алған факультеттерге оқуға түседі. Университеттер дарынды жастарға нағыз қолдау көрсетіп отыр», деп атап көрсетті «Дарын» орталығының директоры Тілдәш Битуова. 20 адамнан тұратын Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің делегациясы жарысқа қатысушы 258 оқушымен әңгімелесті. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын қарап шыққан және білімдерін бағалаған олар 129 баланы іріктеп алды. Ғылыми жарыстарға 355 жобамен 433 оқушы қатысты.