Елімізге 1,5 центнер ірімшікті заңсыз өткізбек болған қырғыз азаматы құрықталды

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарашылары Ресей Федерациясына заңсыз өткізілмек болған бір центнерден астам алкоголь өнімдерінің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Елімізге 1,5 центнер ірімшікті заңсыз өткізбек болған қырғыз азаматы құрықталды

Осы оқиға бойынша Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет» шекаралық бақылау отрядының наряды 1955 жылы туған еліміздің азаматын ұстады.

Ұсталған азамат 125 литр арақ-шарап өнімдерін тиеп, «Газ» автомобилімен шекараны кесіп өтпек болды.

Осы күні оңтүстіктегі «Айша бибі авто» бекетінің шекаралық бақылау наряды 1,5 центнер болатын ірімшікті елімізге жасырын алып өтпек болған 40 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Жасырын жүкті «Гирда» есімді иісшіл ит «Фольксваген» автокөлігінің ішінен тапты.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.