17:52, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Елімізге дінтанушылар өте қажет - Ғарифолла Есім
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елімізге дінтанушылар өте қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім мәлім етті.
«Бізге дінтанушыларды даярлайтын арнайы мамандарды даярлау қажет. Атап айтқанда еліміздегі бірқатар оқу орындарында бұл жұмыстар жүргізілуде және бұған жаңа қарқын беру керек. Қазір бізге дінтанушылар өте қажет»,-деді депутат.
«Дінтану негізін білім ретінде оқуға мүмкіндік толық бар. Енді дінтану пәні неге негізделеді? Осы мәселені түсіну қоғамда әртүрлі көзқарастарға, тіптен түсінбеушіліктерге бастап бара жатыр. Дінтану ортаны ұстайды, яғни ол - атеистік мағынадағы пән емес, сондай-ақ ол дінді насихаттайтын да пән емес. Дін және діндер туралы объективті білім әрі ақпарат беретін ағартушылық мазмұндағы пән»,-деп түсіндірді Ғ. Есім. Осы орайда ол дінтанушы ғалымдар біріншіден сараптама ісімен шұғылдануы керек екенін қадап айтты.