Елімізге халықаралық авиарейстермен ПТР анықтамасыз 38 жолаушы келді
![None None](/static/img/plug.webp)
28 наурызда халықаралық авиарейстермен Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Түркия, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді.
5 389 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 351 адам, анықтамасыз 38 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 23 рейс, 2 988 жолаушы, анықтамамен – 2 970, анықтамасыз – 18;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 419 жолаушы, анықтамамен - 1 406; анықтамасыз - 13;
Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, барлық 836 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 19 жолаушы анықтамамен келген;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы, анықтамамен - 120; анықтамасыз - 7.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырады, оның нәтижесі шыққанша карантин стационарында күтеді.
27 наурызда шетелден Анықтамасыз келген 27 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.