Елімізге қай мемлекеттерден туристер ағылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаладағы туризмді дамыту орталығы қауымдастығының директоры Татьяна Верницкая Қазақстанға қай елдердің туристері көптеп келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.
None

«Елімізге Қазақстанның солтүстік бөлігімен шектесетін, яғни Ресей аумағынан келетін туристер ағынын ескеру керек. Екатеринбор, Омбы, Түмен, Қорған, Новосібір облыстарында 32 миллион ресейлік тұрады. Сондықтан оларды елімізге келетін турист ретінде қарастыруға болады», - деді Т. Верницкая агенттік тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда сарапшы бұл бағытта бізге кімдер бәсекелес болып тұрғанын айтты.

«Бірақ олар Астананы Қазан қаласымен салыстыратынын түсінуіміз керек. Қазан қаласы да адамдарды өзіне көптеп тартып жатыр. Бұл шаһардағы қонақүйлердің саны біздегіден кем емес. Алайда бізде туристерге деген көзқарас мүлдем басқа. Өйткені Қазан қаласы экскурсиялық бағдарлама жағынан бізден алда келе жатыр. Көпшілік олардың тарихына қызығып жатады, бірақ біздің де бай тарихымыз, құндылықтарымыз, мұрамыз бар. Сондықтан біз де осы туристерді көптеп тарта аламыз», - деді ол.

Т. Верницкаяның пайымынша, бұл салада Иран жағынан да туристерді шақыруға болады.

«Бұл саладағы ауқымды нарық ретінде Иранды да ескерген жөн. Осы орайда ұшақ рейстерін ретке келтіру керек. Қытайлықтар елімізге турист ретінде келе бастады, ал ирандықтар тек Ақтауға барып жатыр. Олардың қаржысы еліміздің басқа өңірлеріне де жеткенін қалаймыз», - деді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар