Елімізге Қытайдан - 77245, Моңғолиядан - 107988, Өзбекстаннан 457241 адам көшіп келген

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгінгі күні Қазақстанға Қытайдан -   77245 адам (23133 отбасы), Моңғолиядан - 107988 адам (21955 отбасы), ал Өзбекстаннан 457241 адам (117822 отбасы) көшіп келген.
None
None

Бұл жайында www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Ол бұл деректі елорда тұрғынының Қытайдан, Өзбекстаннан, Монғолиядан немесе басқа да мемлекеттерден қандастарымызды тарихи Отанына көшіріп алу жұмыстары қалай жүргізілуде, деген сауалына орай айтты.

  «Біз ол жақтан өз күшімізбен көшіріп алу саясатын жүзеге асырып отырған жоқпыз. Себебі Өзбекстанмен, Қытаймен, Моңғолиямен де ондай мемлекетаралық келісім жоқ. Дегенмен, Моңғолиямен бір рет мемлекетаралық келісім болған еді. Сол кезде, яғни 1991 жылы 66 мың адамы бар 13 мың отбасы қоныс аударған болатын. Ал қазіргі күні біз осы мемлекеттерден өз бетінше көшіп келген азаматтарға квота дайындап, оларды қарсы алып, жәрдемемақы, көмекақы беріп, Қазақстанға орналасуына жағдай жасап отырмыз. Бүгінгі күні квотамыздың барлығы ашық және елімізге қоныс аударған азаматтардың барлығына да беріледі», деді Қ.Әбішев.

  Комитет төрағасының айтуынша, жоғарыда келтірілген деректер еліміздің көші-қон комитетіне тіркеліп, оралман мәртебесін алған азаматтардың нақты саны екен. Дегенмен аталған комитеттен тысқары, оралман мәртебесін алмай-ақ тікелей азаматтыққа құжат тапсырған, өз бетінше көшіп келген азаматтарды және бұның алдында, яғни 91 жылдардағы, кеңес үкіметі бар кездің өзінде Моңғолиядан қоныс аударған қандастарымызды есептесек, бұл сан біршама көбейеді.

Соңғы жаңалықтар