15:25, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Елімізге шетелдік инвестицияларды тарту үшін үкіметаралық комиссиялардың жұмысын белсендіру керек - Ә. Исекешев
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізге шетелдік инвестицияларды тарту үшін үкіметаралық комиссиялардың және Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысын белсендіру керек. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

«Үкіметаралық комиссияның әрбір жетекшілеріне, елшілерге, сондай-ақ министрлерге, әкімдерге, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына нақты сомадағы шетелдік инвестицияларды тартудағы мақсатты көрсеткіштерді анықтауды ұсынамыз. Яғни, бұлардың әрқайсысы салаға, өңірге және өздерінің жобаларын іске асыруға қанша қаржы тарту керектігін белгілеулері керек», деді Ә. Исекешев.
Сонымен қатар, Ә. Исекешев әрбір облыстық әкімдіктегі шетелдік инвесторлармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімдерді күшейтуді ұсынды. Бұлар іс жүзінде өңірлік кеңселер ретінде жұмыс істейтін болады.