Елімізге сырттан әкелінген қымбат көліктер кедендік рәсімдеулерсіз-ақ жол полициясының есебіне қойылып келген

Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мейірхан Мейірманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, қолға түскендер негізінен «Мерседес», «Тойота Лэнд Крузер», «Тойота Лексус», «Ренд Ровер» сияқты қымбат көліктер. «Жалпы аталмыш көліктерді елге жеткізу, оны есепке қою немесе есептен шығару сияқты әрекеттер бір адамның қолынан келетін іс емес. Яғни бұл әрекеттер ұйымдасқан топтардың көмегімен ғана жүзеге асыруға болатын іс. Сондықтан біз оны ішкі істер саласы қызметкерлерінің қарауына бердік. Биыл сонымен қатар Ресей мен Балтық жағалауы елдерінен және ТМД-ға мүше бірқатар мемлекеттерден ұрлап әкелінген көліктерге қатысты да бірқатар қылмыстық істер қозғалуда. Олар бойынша ішкі істер органдары мен кедендік бақылау комитетінің жедел-іздестіру топтары бірлесіп, жұмыс жүргізуде» деді М. Мейірманқұлов.