Елисей алаңында дәстүрлі әскери шеру өтеді

БРЮССЕЛЬ-ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Бүгін Франция Бастилияны басып алу Ұлттық мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елисей алаңында дәстүрлі әскери шеру өтеді

Республиканың Африкадағы әскери іс-қимылдарына қатысып жүрген арнайы күш құрылымдары бүгін Елисей алаңында өтетін әскери парадта ерекше орын алады.

Францияның Ұлттық күніндегі әскери шеру Парижге COVID-19 пандемиясына байланысты болған бір жылдық «үзілістен» кейін қайта оралады.

Шеруді Африканың Сахель аймағындағы әскери іс-қимылдарға тартылған 80 француз және еуропалық арнайы жасақ басқарады.

Шараға республика президенті Эммануэль Макрон қатысады.

Әскери шеру карантин шараларына қатысты қысқартылады: мінберге әдеттегі 25 мың көрерменнің тек 10 мыңы ғана кіргізіледі.

Бұдан басқа, бүкіл ел бойынша отшашу өтеді. Бұл Францияның 1789 жылғы ірі тарихи оқиғасы – Бастилияны басып алудың тағы бір әйгілі ерекшелігі.