Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы еркін бағдарламаны тамаша орындап, қорытындыда 224,76 балл жинады. Спортшылардың ең соңынан шыққан Э.Тұрсынбаева ересектер арасындағы әлем чемпионатында тұңғыш рет төрт айналымдық сальхов элементін орындады. Мұны шын мәнінде тарихи нәтиже деуге болады.

Ресейлік Алина Загитова 237,50 балмен әлем чемпионы атанды. Оның отандасы Евгения Медведева 223,80 балмен үшінші орынға көтерілді.

Осылайша, 19 жасар Елизабет Тұрсынбаева қыздар арасында Қазақстаннан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанып, Наурыз мейрамына тамаша сый жасады.

Еске сала кетейік, Е.Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында келе жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар