Элизабет Тұрсынбаева - әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) жеке сырғанауда әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Элизабет Тұрсынбаева - әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының бірі

Оған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да енген. Ол 3108 ұпаймен 10-орында тұр. Ресейлік Алина Загитованы төрт құрлық чемпионатындағы жеңісіне байланысты рейтингтегі бірінші орыннан ығыстырып, жапон қызы Рика Кихира жаңа көшбасшы болды.

Сондай-ақ үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Сатоко Мияхара түйіндеді.

Әлемнің үздік 10 мәнерлеп сырғанаушысы:

1. Рика Кихира (Жапония) — 4708

2. Алина Загитова (Ресей) — 4702

3. Сатоко Мияхара (Жапония) — 4089

4. Бради Теннелл (АҚШ) — 3864

5. Евгения Медведева (Ресей) — 3734

6. Каори Сакамото (Жапония) — 3724

7. Алена Косторная (Ресей) — 3255

8. Вакаба Хигучи (Жапония) — 3187

9. Анна Щербакова (Ресей) — 3126

10. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 3108.