Элизабет Тұрсынбаева Бостонда әлем чемпионатында 12-орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 жастаға қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева америкалық Бостонда өткен әлем чемпионатында 12-орынды иеленді.

Элизабет Тұрсынбаева Бостонда әлем чемпионатында 12-орынды иеленді

Қысқа бағдарламадан кейін спортшы 61,63 балл жинап, 12-ші орынды иеленді.  Еркін бағдарламада Э. Тұрсынбаева   121,99 балмен 10-шы нәтиже көрсетті. Жалпы қорытынды балл  - 183,62.

Бұл мәнерлеп сырғанаушының ересектер арасындағы әлем біріншілігіндегі дебюттік жарысы екенін атап өткен жөн.

 2016 жылғы әлем чемпионы  ресейлік  Евгения Медведева (223,86) болды, күмісті АҚШ-тан келген Эшли Вагнер   (215,39) алды, үшінші орын да ресейлік - Анна Погорилаяға (213,69) бұйырды.

Еске салсақ, 2016-ӘЧ-де Қазақстан атынан Денис Тен шықты. Ол 11-орынды иеленді. Қысқа бағдарламада соңғы орын алған Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова жұбы баллдары жетпей, еркін бағдарламада өнер көрсете алмады.