Элизабет Тұрсынбаева Канадада өткен турнирде қола жүлдеге ие болды
«Элизабет қызымыз жаңа спорт маусымын сәтті бастады! Канаданың Монреаль қаласында өткен Autumn Classic International-2017 - Челленджер сериясының турниріндегі әйелдердің жалғыз сырғанауы аяқталды. Элизабет, еркін бағдарламаны тамаша орындап қола медаль алды! Бірінші орында - 2014 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем біріншілігінің вице-чемпионы, Канаданың танымал мәнерлеп сырғанаушысы 22 жастағы Кейтлин Осмонд! Екінші орында 2017 жылғы әлем чемпионы, 18 жастағы жапондық Маи Михара.
Айта кетерлігі, қысқа бағдарламада Элизабет бесінші орында болды, тек еркін бағдарламада Celin Dion мен Andrea Boselli орындауындағы «The Praer» кезінде мінсіз сырғанап үздік үштік қатарына көтерілді!», - деп жазды Б.Тұрсынбаев.
Халықаралық турнирге 12 мемлекеттен 16 мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Сарапшылардың пікірінше, алты спортшы қыз алдңғы орындарға үмітті болған: Kaetlyn Osmond (Canada), Mai Mihara (JPN), Cortney Hicks (USA), Alaine Chartrand (Canada), Rin Nitaya (JPN) және біздің Eizabet (Kazakhstan), деп атап өтті Б.Тұрсынбаев.